Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері демалушыға жоғалған әмиянін қайтарып берді

ШҚО полицейлері демалушыға жоғалған әмиянін қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 7 тамызында сағат 17.35-те ШҚО Үржар ауданы Алакөл көлінің жағалауындағы стационарлық полиция бекетіне Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны ақша қаражаты, банк карталары және жеке басын куәландыратын құжаттары бар әмиянының жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінді. Мұны естіген полиция қызметкерлері патрульдерді бағдарлап, дереу іздеу жұмыстарына кіріскен.

Ер адам әмиянын түскі уақытта жоғалтқаны анықталды, тек бес сағаттан кейін ол құқық қорғау органдарына жүгінген. Айта кетсек, оның демалысы аяқталып, бір сағаттан кейін ол үйіне қайтпақ болған.

Бейнебақылау камераларын қарау кезінде жоғалған әмиянді тауып алған екі адам анықталды. Тәртіп сақшылары сол екеуін ұқсас белгілер бойынша іздеуді ұйымдастырды, біршама уақыттан кейін полицейлер оларды тексерген.

Полиция қызметкерлерінің жарты сағаттан аз уақыт ішінде Шебер және жедел әрекеттерінің нәтижесінде жоғалған құжаттар мен қаражаты бар әмиянін иесіне қайтарған. Заттың иесі полиция қызметкерлеріне көмектерін бергені үшін алғыс айтып, ризалығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру