Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері есірткі курьерін ұстады

ШҚО полицейлері есірткі курьерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер есірткі курьерінен шамамен 340 грамм гашиш тәркіледі. Күдікті қамауға алынды.

Көрші облыстың 28 жастағы тұрғыны ШҚО аумағында аса ірі мөлшерде есірткі сатуға тырысқан. 

Ұстау кезінде жедел уәкілдер оның көлігінің салонынан жалпы салмағы шамамен 340 грамм болатын гашиш тәркіледі.

Тәртіп сақшылары өткізу мақсатында есірткі заттарын сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру