Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері есірткі зертханасын жойды

ШҚО полицейлері есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан полициясы 100 келіге жуық мефедронды сатуға жіберген жоқ. Өскеменде облыстық прокуратураның үйлестіруімен криминалдық полиция қызметкерлері жалға алынған жертөледе зертханалық жабдықтарды, прекурсорларды және сатуға дайын болған аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заттарын анықтап, тәркіледі.

Сараптамаға сәйкес, тәртіп сақшылары 1,4 келі мефедрон, сондай-ақ 1,6 тонна химиялық сұйықтықты тәркіледі. Осылайша, полиция қызметкерлері шамамен 100 келі синтетикалық есірткінің өндірісіне тосқауыл қойды.

Есірткілерді өткізу мақсатында аса ірі көлемде есірткіні заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау және өндіру бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Есірткі зертханасының жабдықтарын жинап, тыйым салынған заттарды жасаумен айналысқан облыс орталығының 41 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ер адамның мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру