ШҚО полицейлері масаң күйде көлік басқарған 22 тұрғынды анықтады
ШҚО полиция қызметкерлері өңірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Демалыс күндері облыс аумағында 22 тұрғын масаң күйде заң бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 тамыздан 26 тамызға қараған түні сағат 04:40 шамасында Өскемен қаласын патрульдеу барысында Л.Толстой көшесі бойында масаң күйде болған облыс 44 жастағы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ автокөлігі тоқтатылды.
Жүргізілген сараптама ер адамның «жеңіл дәрежедегі» масаң күйде болғанын көрсетті.
28 тамыз күні таңғы сағат 05:11-де облыс орталығының 28 жастағы жүргізушісі «жеңіл дәрежелі» масаң күйде облыс орталығындағы Горький көшесімен жүрген. Олардың екеуі де полицейлердің қырағылығының арқасында тоқтатылды.
Осыған ұқсас 25 тамыз сағат 22:23-те 21 жастағы мас жүргізушіні Өскемен – Риддер тас жолындағы Быструха ауылының маңында облыстық батальон қызметкерлері тоқтатқан. Жүргізуші бір ауылдан екінші ауылға бет алған.
Осы және алкогольдік масаң күйдегі басқа да бұзушылардың автокөліктері мамандандырылған тұраққа қойылды, ал жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Аталған бап негізінде он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.