Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады

ШҚО полицейлері қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында Зайсан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Қаңтар айының басында Зайсан аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Айка шаруашылығының қорықшыларымен бірге Дайыр ауылдық округінің Грибок учаскесінде 27 жастағы Қаратал ауылының тұрғынымен қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады. Одан «Вепрь» ойық мылтығы және «ТОЗ-16» ойық мылтығы, сондай-ақ 7, 62х39 мм калибрлі 6 патрон алынды.

Тәркіленген қарулар 27 жастағы ер адамның марқұм әкесіне тиесілі болған екен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру