ШҚО полицейлері Республика күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды
ШҚО полицейлері Республика күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еліміздің осындай маңызды күн қарсаңында ШҚО ПД-да салтанатты іс-шара өтті.
Мерекені бастай отырып, өңірдің бас полицейі Ерлан Омарбеков ардагерлерді, жеке құрам мен қонақтарды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтады.
– Қазақстан полициясының қалыптасуы тәуелсіз Қазақстанның даму тарихымен тығыз байланысты. Көптеген өзгерістерден кейін елде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін орган қалыптасты. Шын жүректен Қазақстан Республикасы мемлекетіміздің өркендеуі жолында сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бейбітшілік, барлық игі істер мен бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!, – деді ШҚО ПД бастығы.
Дәстүр бойынша қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлерге арнайы атақтар, ҚР ішкі істер министрінің және полиция департаменті бастығының атынан медальдармен, грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.
Республика күнін мерекелеуге Крупская атындағы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері келгенін атап өткен жөн.
Мереке соңында облыстың полиция бастығы Ерлан Омарбеков жас қонақтарға ПД жедел басқару орталығына экскурсия өткізді, онда полиция қызметкерлерінің мониторларында нақты уақыт режимінде 5 мыңға жуық бейнебақылау камераларының деректері көрсетілді, бұл қоғамдық тәртіп пен жолдағы қауіпсіздік қағидаларына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Балалардың өтініштері бойынша олар біраз уақыт ЖБО инспекторын алмастырып, полиция қызметкерінің рөлін сынап көрді, бұл қонақтарға ерекше қуаныш сыйлады.