ШҚО полицейлері сараптама тағайындау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді
ШҚО полицейлері сараптама тағайындау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 шілде күні полиция департаменті бастығының орынбасары Қазбек Тақжановтың төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалары институты өкілдерінің қатысуымен қылмыстық құқық жаңа құрамы (ҚР ҚК-нің 108-1, 109-1 баптары) бойынша сараптамаларды тағайындау мен жүргізудің проблемалық сұрақтары, сондай-ақ сот-медициналық сараптамалар жүргізу әдістемесіндегі өзгерістерді талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Өскемен қаласы ПБ және оның аумақтық бөлімшелері бастықтарының орынбасарлары, тергеу, анықтау және жергілікті полиция қызметі бөлімдері мен бөлімшелерінің бастықтары қатысты. ҚАПБ басшылары мен олардың орынбасарлары бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты.
Өз сөзінде Тақжанов сот сараптамасының маңыздылығын, оның сот ісін жүргізу шешімін шығару үшін қажетті объективті және шынайы деректерді алуға мүмкіндік беретін құралдардың бірі екенін атап өтті.
Сарапшылар өз кезегінде «денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін жәбірленуші күдіктілер мен басқа адамдарды сараптамалық зерттеу» әдістемесіне жаңа өзгерістер енгізді.
Талқылау барысында жаңа заңнама аясында сараптамаларды тағайындау және жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер қаралып, онда ШҚО бойынша ССИ-дың өкілдері бірлескен жұмысты жақсарту үшін егжей-тегжейлі жауаптар мен ұсынымдарымен бөлісті.