Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері заңсыз балық аулау фактісін анықтады

Полиция қызметкерлері «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында заңсыз балық аулап жүрген Ұлан ауданының тұрғындарын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары автокөліктерді тексеру кезінде жүк салғыштан 20 келіден астам ақжелкен, сондай-ақ екі келі көксерке балығын тауып, тәркілеген.

Тәртіп сақшыларының айтуларынша, олар достарымен балық аулауға бел буған, алайда оны балық аулауға арналмаған жерде, сондай-ақ ЖПІШ кезеңінде жасаған.

Шығысқазақстандықтар балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушылар 10 және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

ЖПІШ барысында және балық ресурстарын көбейту кезеңінде 16 сәуірден 30 мамырға дейін Шығыс Қазақстан облысында балық аулауға тыйым салынғанын естеріңізге сала кетейік.

Полицейлер азаматтарды табиғатты қорғауға және табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын есте сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру