ШҚО полицейлері зейнеткердің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады
ШҚО полицейлері зейнеткердің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Риддер қалалық ПБ криминалдық полициясымен бірлесіп, ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған Риддер қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады.
71 жастағы зейнеткердің мүлкін ұрлағаны үшін оған тағайындалған бұлтартпау шарасын бұзғандықтан қаскөй іздеуге жарияланған.
Ол өзінің 30 жастағы сыбайласымен бірге өткен жылдың 3-4 мамыр аралығында жәбірленушінің үйінің қоршауынан құны 10 мың теңгеге бағаланған екі шойын батарея ұрлаған.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясында жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.