Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жасөспірімдер арасында бокстан облыстық турнир өткізді

ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Аманат партиясының “Жастар Рухы” жастар қанатымен бірлесіп, “Есірткіге жоқ деп айт!” жасөспірімдер арасында былғары қолғаппен бақ сынасқан жас шеберлердің сайысын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын, дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуды насихаттау, облыс жастары арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру. Жарысқа Ұлан, Самар, Күршім ауданынан келген 48-63 кг салмақ дәрежесінде 60-тан астам балалар мен жасөспірімдер қатысты.

Облыстық деңгейдегі жас боксшылардың жарысы алғаш рет өткізілген. Ең мықты спортшылар әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша анықталды. Әр жолы өз шеберлігін жетілдіре отырып, бокстан турнир өткізу жас спортшылардың өсуіне және дамуына ықпал етеді. Қызу тартыста жас спортшылар өздерінің шеберліктерін, күштерін және нағыз батырлардың жауынгерлік рухын көрсетті.

Турнирдің барлық кезеңдерін өткізгеннен кейін барлық қатысушылар мен олардың жаттықтырушылары есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының грамоталарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды, барлық қатысушыларға “Есіртікіге жоқ деп айт!” логотипі бар кепкалар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру