ШҚО полицейлері жасөспірімнен телефон тартып алған павлодарлықты ұстады
ШҚО полицейлері жасөспірімнен телефон тартып алған павлодарлықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Семей қалалық ПБ ЖБО «102» жедел арнасына 2021 жылғы 24 шілдеде шамамен сағат 21:20-да Бесқарағай ауданының елді-мекеніне, құрылыс объектісінің (демалыс базасының) аумағына кіріп бара жатқан кезде жәбірленушіге күш қолданып, 16 жастағы кәмелетке толмаған баладан оның «Huawei» ұялы телефонын, 29 800 теңге ақша қаражаты салынған әмиянды және музыкалық колонканы алып алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осылайша жалпы сомасы 184 800 теңгеге залал келтірілді.
Бесқарағай АПБ жедел-тергеу тобы 36 жастағы күдіктіні дереу анықтап, ұстады. Жауап алу барысында күдікті ұрланған мүлікті беріп, кінәсін толық мойындаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 389-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.