ШҚО полицейлері жоғалған малды 8 күн бойы іздеген иелеріне 3 сағатта тауып берді
ШҚО полицейлері жоғалған малды сегіз күн бойын іздеген иелеріне, үш сағатта тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қарашада Серебрянск қаласының полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Алтай ауданы Феклистовка ауылының тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Әйел полицейлерден ағымдағы жылдың 31 қазанында еркін жайылымнан жоғалып кеткен төрт сиырын іздеуге көмек сұрады.
Сегіз күн ішінде иелері өз күштерімен ірі қара мал іздеп, бірақ іздеу нәтижесіз болған. Мал иесі шығын сомасын 1,2 млн.теңгеге бағалады.
Сол күні тәртіп сақшылары дереу криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінен тұратын арнайы іздестіру тобын құрып, іздеу жқұмысына кіріскен. Полицейлер 25 шақырым жерді жүргіп өткеннен кейін қалың қарға бата бастаған, сондықтан іздеу жұмысын одан әрі атқа мініп жалғастырған.
Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде үш сағаттан кейін криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Ернұр Макиленов пен учаскелік полиция инспекторы Талғат Ақтанов Алтай ауданы Киров ауылының маңынан барлық 4 сиырды тауып, сол күні иелеріне қайтарды.
Өз кезегінде мал иесі полицияға оның жоғалған жануарларын іздеуде жедел әрекет етіп, кәсібилігі мен көрсетілген көмегі үшін алғысын білдірді.
Полиция департаменті мал ұрлығына және малды еркін жаюдан жоғалтуға ықпал ететін негізгі себеп-меншік иелерінің бақылауының болмауы және иелеріне: малды жайылымда қараусыз қалдырып, салғырттық танытпауға кеңес береді.