Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жоғалған үш баланы 20 минут ішінде тапты

ШҚО полицейлері жоғалған үш баланы 20 минут ішінде тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5, 4 және 2 жастағы кішкентай балалар 15 наурыз күні түскі уақытта үй маңына ойнауға шыққан, алайда жоғалып кеткен, бұл туралы олардың анасы сол күні сағат 16:28-де Катон-Қарағай АПБ-ның 102 жедел каналына хабарлаған.

Ол балалардың жоғалып кеткенін сағат 14:00-де біліп, екі сағаттан артық уақыт өзі іздеген. Өздегінен іздестіру нәтиже бермегендіктен, шарасыз ана полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Осы факті бойынша дереу іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Катон-Қарағай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша көтерілді және жоғалған балаларды іздестіруге бағдарланды. Іздестіру жұмыстары балалар ойнап жүрген ауданның тұрғын үйлерін тексеруден басталып, тәртіп сақшылары көшелер мен үйлерді аралады.

Полиция қызметкерлерінің іздестіру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруының нәтижесінде балалар 20 минут ішінде табылды. Балаларды өздерінің үйлерінен 2 шақырым жерден сол кезде аудан орталығының орталық бөлігінде іздестіру жұмыстарын жүргізген учаскелік инспектор Асқар Дюсюпов тауып алған. Балалар ата-анасына тапсырылды, қазіргі уақытта олардың  өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру