Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жолда қалған Белорусь елінің азаматына көмек көрсетті

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жолда қалған Белорусь елінің азаматына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 31 наурызының таңғы сағат 06:30 шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 783 шақырымында Белорусь елінің 24 жастағы азаматы Алматы-Өскемен тас жолының бойымен Солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, ауа райының қолайсыз болуына байланысты, көлік құралымен жол жиегіне түсіп кеткен.

Фураның басы жол жиегінде, ал тіркеуіші жол үстінде қалып, трасса бойын толық жауып қалған. Жақын жерде шағын көлік кептелісі пайда болған. Жүргізуші Аягөз аудандық полиция бөлімінен көмек сұраған.

Оқиға орнына жедел жеткен Аягөз АПБ жол және техникалық инспекция тобының мемлекеттік автоинспекторлары Руслан Садыков, Заңғар Баяхметбай, Қайрат Билялов болған мән жайды дереу анықтап, мәселені шешудің оңтайлы шешімін тапқан. Инспекторлар погрузчик көлігін алдыртып, фураны жол үстіне шығару жұмыстарын жүргізді. Бір сағаттан артыққа созылған жұмыстар нәтижесінде фура жол үстіне шығарылды.

Көлікке материалдық шығындар келмеген. Адамдар бәрі аман-сау. Фура жүргізушісі полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, алыс сапарынжалғастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. g3g2 :

    👍👍👍

  2. ne93 :

    👍

  3. alinaos19 :

    Жарайсыңдар 👍

Жауап қалдыру