Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жылқы ұрлығын ашты

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жылқы ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қараша айының соңында Үржар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 53 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші өз арызында түнде белгісіз біреулер Үржар ауылының маңында орналасқан шаруа қожалықтарының бірінің жанында байлаулы тұрған алты  жасар жылқы малын ұрлап кеткенін түсіндірген. Шығын сомасы 700 мың теңгені құрады.

Арызды тіркей сала тәртіп сақшылары бірден ұрлыққа қатысы бар адамдарды анықтауға кірісті.

Аталған қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі полицейлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Үржар АПБ қызметкерлері қаскүнемнің ізіне түсті. Ол 62 жастағы аудан тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1 бабы ал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру