Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полиция департаментінде оқушыларға арналған жол қауіпсіздігі сабағы өтті

ШҚО полиция департаментінде оқушыларға арналған жол қауіпсіздігі сабағы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мұражайында Өскемен қаласының №20 мектебі оқушыларына жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша танымдық сағат ұйымдастырылды. Балалар жол ережелерін сақтаудың маңыздылығын, кәмелет жасына толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының себептерін, сондай-ақ өздерін жолда қалай қорғау керектігін үйренді.

Іс-шарада ШҚО ПД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Еркін Зарқұмов пен патрульдік полицейлер сөз сөйлеп, балаларға арнайы құралдарды таныстырды. Олар жаяу жүргіншілердің жиі жіберетін қателіктерін атап өтіп, қыста жолда ерекше абай болу қажеттігін түсіндірді.

Еркін Зарқұмов оқушыларға жолдағы негізгі ережелерді былайша еске салды:

- Жол – барынша мұқият болуды талап ететін орын. Тек жасыл жарыққа шықсаңыздар жеткілікті, жолды жүгіріп өтпеңіздер, телефонға алаңдамаңыздар. Көлікте отырсаңыздар – әрқашан қауіпсіздік белдігін тағыңыздар, бұл өмірлеріңізді сақтап қалуы мүмкін. Сіздің қауіпсіздігіңіз ең алдымен өздеріңізге байланысты, - дейді ол.

Іс-шара ашық әңгімемен аяқталып, оқушылар жолдағы қауіпсіз мінез-құлыққа қатысты сұрақтарын қойып, алған білімдерін бекітті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру