Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ҚАЖД-ның ұйымдастыруымен әйелдер арасында волейболдан турнир өтті

ШҚО-да әйелдер арасында волейболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жарма ауданы Шуақ ауылында ШҚО ҚАЖД-нің ОВ-156/21 мекемесінің ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелер ішінен әйелдер арасында волейболдан турнир өтті.

Турнирге бес команда қатысты, олар: ОВ-156/21 мекемесінің командасы, Жалғызтөбе орта мектебі мен Шуақ ауылының №236 орта мектебінің мұғалімдер командасы, 47007 және 2544 әскери бөлімдерінің командалары.

Ойынның басында ОВ-156/21 мекемесінің бастығы Жақсылық Алтаев барша қатысушыларды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

– Бүгін волейбол – футболдан кейінгі әлемдегі ең танымал екінші спорт түрі болып табылады. Және ойынның өзі уақыт үшін емес, нәтиже үшін, сондықтан ойын ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Сонымен қатар волейбол – футбол, хоккей, баскетбол немесе басқа спорт түрлерімен салыстырғанда аз жарақатқа соқтырады деп саналады, сондықтан болар бұл спорт түрі әйелдер арасында жиі ойналады. Міне осыған орай барлық спорт түрлерінен қарағанда, біз волейболды таңдап, турнир ұйымдастырып, командаларды ойынға шақырдық, – деді Жақсылық Саматұлы.


Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттайды.Ойынның қорытындысы бойынша, әйелдер колониясының командасы Жалғызтөбе орта мектебі мен Шуақ ауылының №236 орта мектебінің мұғалімдер командаларынан ұтылып, 3-орынға ие болды.

Ойын соңында қатысқан командалардың капитандарына сыйлықтар, мақтау қағаздары мен медальдар табысталды, Жалғызтөбе орта мектебінің мұғалімдері ризашылықтарын білдіріп, өз алаңында тағы да осындай кездесуді өткізуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру