ШҚО тергеу изоляторында төрт жұп мереке қарсаңында некелерін қиды
ШҚО тергеу изоляторында төрт жұп мереке қарсаңында некелерін қиды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар некелерін қию рәсімін осы уақытқа дейін асыға күтті.
АХАЖ қызметкерлері неке рәсімдеу шараларын әдеттегідей өткізіп, жастарға неке қию кәлігін табыстады.
– Сотталған адамға әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ОВ-156/1 мекеме қызметкерлері көмектеседі, – деді мекеме психологы.