Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны алаяқтардың құрбанына айналды

ШҚО тұрғыны алаяқтардың құрбанына айналды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтар Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын алдау арқылы бірнеше микрокаржы ұйымдарынан өз атына несие рәсімдеуге итермелегені анықталды.

Қаскөйлер өздерін басқа бір қызметкер ретінде таныстырып, азаматты несие алу мақсатына қатысты жаңылыстырып, оны жеке өзі сәйкестендіру және верификация процедураларынан өтуге, соның ішінде SMS-кодтарды беруге сендірген. Нәтижесінде азамат өз мүддесіне пайдаланбайтын несие шарттарына қол қойған. Алынған ақша қаражаттары үшінші тұлғаларға берілген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Полиция азаматтарды бір реттік кодтарды, құпиясөздер мен жеке деректерді бөгде адамдарға берудің қаупі туралы ескертеді. Алаяқтар азаматтардың келісімінсіз несие рәсімдеу сияқты түрлі тәсілдерді қолдануда.

Қылмыстық әрекеттерден қорғану үшін жеке деректердің құпиялылығын сақтау, мессенджерлер арқылы кодтарды жібермеу және күмәнді хабарламалар түскен жағдайда ақпараттың рас-өтірігін тексеру қажет. Егер алаяқтыққа ұқсас жағдайларды байқасаңыз, дереу "102" нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру