Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны досынан ірі мөлшерде қарызға ақша алып, қайтармаған: полиция күдіктіні анықтады

Өскемен қаласында көші-қон қызметінің қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам танысынан пәтер жөндеуге деп 7,5 миллион теңге қарызға алып, кейіннен байланысқа шықпай, "ізін суытқан". Жәбірленуші бұл туралы құқық қорғау органдарына арызданған.

Күдіктіні іздеуге көші-қон қызметінің мамандары кірісті. Бір тәулік ішінде оның қайда екені анықталып, ұсталып, әрі қарай тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта іс сот орындаушыларына беріліп, қарызды өндіру шаралары қолға алынды.

Полиция азаматтарға кез келген қаржылық келісім-шарттарды, тіпті жақын адамдармен де заң аясында ресімдеудің маңыздылығын еске салып, мұндай жағдайларды назардан тыс қалдырмауға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру