Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны марихуана сақтаны үшін 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылды

Шығыс Қазақстан облысында ер адам қатаң тәртіптегі мекеменің іргелес аумағында  марихуананы жерге көміп, сақтағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қалалық сотының үкіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігі бойынша 40 жастағы ер адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін 100 сағат қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындалды.
Сотталушының айтуынша, Глубокое кентінде болған кезінде жабайы сораның бірнеше бұтасын жұлып алып, оны жеке пайдалану үшін кептірген. Сонымен қатар ер адам «олжасын» үш түрлі полиэтилен пакетіне салып, оны қалаға алып келіп, қауіпсіздігі жоғары мекеме аймағында жасырған.
Ер адам жеке пайдалану үшін 90-ға жуық бір реттік доза дайындап, есірткіні жерге көмген, оны полиция қызметкерлері кезекті дозасын қазып жатқан кезде ұстаған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «кептірілген марихуана» болып табылды.
– Сотталған адам пробацияға есепке қойылып, тұрғылықты жері бойынша қоғамдық жұмыстарды өтеу үшін жіберілді. Ер адамға автобус аялдамаларында қоқыс жәшіктерін тазалау бойынша жұмыс тағайындалды. Сонымен қатар пробация қызметінің қызметкерлері сотталған адамға қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда, олар қамауға алу мүмкін екені  туралы түсіндірді. Айта кету керек, ер адам бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, – деді Үлбі аудандық пробация қызметінің қызметкері Назгүл Батырханова.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру