ШҚО тұрғыны танысының көлігін заңсыз иемденген
ШҚО тұрғыны танысының көлігін заңсыз иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Глубокое ауданының тұрғыны Өскемен қаласы полиция басқармасына автокөлігінің ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінген. Жәбірленуші өзінің алыс танысы ол дүкенде болған кезде оның көлігін заңсыз иемденгені туралы мәлімдеген. Келтірілген шығын 1 млн 500 мың теңгені құрайды.
Полиция қызметкерлері іздеу шараларын жүргізу барысында ұрланған көлікті тапқан. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталып, кінәсі мойындалды. Көлік иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Көлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бапта 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жазаны не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.