ШҚО тұрғыны заңсыз ауланған 8 қап балықпен ұсталды
ШҚО тұрғыны заңсыз ауланған 8 қап балықпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 7 ақпанда сағат 22:20 шамасында Алматы-Өскемен автожолын патрульдеу кезінде 970 шақырымда Toyota автокөлігі тоқтатылды.
Құжаттарын тексеру барысында Бородулиха ауданының 43 жастағы тұрғыны Көкпекті ауылынан Семей қаласына жол жүріп бара жатқаны және өз көлігінде тиісті құжаттарсыз сегіз қап балық тасымалдап жатқаны анықталды. Келтірілген шығын 213 мың теңгені құрады.
Жауап алу барысында балықты Семей қаласында одан әрі сатуға үшін апара жатқаны белгілі болды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша 43 жастағы ер адамға қылмыстық іс қозғалды. Ер адам үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.