Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны заңсыз балық аулағаны үшін жауапқа тартылды

ШҚО тұрғыны заңсыз балық аулағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының тұрғыны заңсыз балық аулағаны үшін 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, қазіргі уақытта көше тазалап, аумақты абаттандыру жұмыстарымен айналысып жатыр.

Күршім ауылының тұрғыны Зайсан көлінде балық аулауға тыйым салынған уақытта ракета құралының көмегімен екі ау құрып, жалпы салмағы 104 келі, атап айтқанда 35 келі көксерке, 69 келі табан заңсыз аулаған.

Күдікті өзінің құқыққа қарсы іс-әрекетімен қоршаған ортаға 400 мың теңге көлемінде айтарлықтай материалдық залал келтіргені үшін ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігінің 1-тармағына (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес кінәлі деп танылып, балық аулау қызметімен айналысу құқығынан бір жыл мерзімге айырыла отырып, 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған.

Қазіргі уақытта аталған азамат Күршім аудандық №1 пробация қызметінің есебіне алынып, үкім бойынша тағайындалған 400 сағат қоғамдық жұмысын атқарып жатыр.

Аталған азаматпен профилактикалық сұхбат жүргізу кезінде ол өзінің істеген ісіне өкінетіндігін, бұдан былай мұндай құқықбұзушылыққа жол бермейтіні туралы айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру