ШҚО тұрғынынан тыйым салынған дәрі-дәрмектер тәркіленді
ШҚО тұрғынынан тыйым салынған дәрі-дәрмектер тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алтай ауданында жедел іс-шараларды өткізу барысында ШҚО ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен 66 жастағы Серебрянск қаласының тұрғынын ұстаған.
Тәртіп сақшылары оның үйінің гаражын тінту кезінде трамадол және тропикамид таблеткаларын тауып, тәркілеген.
Сарапшының қорытындысына сәйкес табылған таблеткалардың құрамында жалпы салмағы 15,98 грамм трамадол психотроптық заты бар.
Қазіргі уақытта ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
ШҚО ПД трамадол Қазақстандағы есірткі құралдарының тізіміне енгізілгенін ескертеді.