Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО түрмесінде «Ескіні еске алып, болашаққа үміттен» атты көрме өтті

ШҚО түрмесінде «Ескіні еске алып, болашаққа үміттен» атты көрме өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті ОВ-156/14 мекемесінде «Ескіні еске алып, болашаққа үміттен» атты мекеменің бедел-бейнесін қолдайтын тасымалды-көрнектілік көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме сөрелеріне алғыс хаттар мен мекеменің іргетасы қаланған уақыт аралығындағы ескі құжаттар, мекеменің негізгі құралдарының (баспа машинкасы, іс машинасы, тесік машинкасы, мата өлшегіш, арба) жаңа фотосуреттері қойылды.

– Бұл көрменің бейнежазбасы «2021 жылға қылмыстық атқару жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарының» 30 тармағына сәйкес қызметкердің оң бейнесін насихаттау әдістері кеңінен пайдалана отырып, қылмыстық атқару жүйесі қызметіне әскери қызметшілерді, жоғарғы оқу орындарының, колледждар түлектерін тарту бойынша профориентациялық жұмысқа пайдаланылады, – деді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

– Тарих – ол өткеннің куәгері, қазірге үлгі-өнеге болып табылады. Ішкі істер органдарының мұражайлары біздің жүйеміздің мәдени өмірінде ерекше орын алады, олардың қызметі қазақстандық патриотизмді, эстетикалық мәдениетті, тарихи құндылықтарды қалыптастыруға, полиция қызметін халық арасында насихаттауға бағытталған. Көрменің келесі кезеңінде мекеменің тарихы, қызметкерлердің ерлік күндері, ерлік сабақтары, фото-деректі және кітап көрмелері туралы онлайн-экскурсиялар ұйымдастыру жоспарлануда, – деп қосты Айдын Калелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру