Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу ауданында есірткі жинау барысында 2 тұрғын ұсталды

Түркістан облысының тұрғындары Шу ауданында есірткі жинау барысында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 шілдеде “Қарасора – 2020” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Шу қаласына 100 шақырым қашықтықтағы құмды аймақта есірткі затын жинау кезінде екі адам құрықталды.

Олар: 61 және 45 жастағы Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғындары.

106 келіге жуық мариxуана есірткі заты жинау барысында анықталса, 12 келіден астам мариxуана күдіктінің біріне тиесілі “ВАЗ-2107” маркалы, мемлекеттік нөмірі Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктен табылып, жалпы салмағы – 118 келі 780 гр. мариxуана тәркіленді. Сонымен қатар, олардан жабайы шөпті оруға арналған құрал тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, Шу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру