Шу тұрғыны кәсіпкерді бірнеше ай бойы жалған чекпен алдаған
Шу тұрғыны кәсіпкерді бірнеше ай бойы жалған чекпен алдап, 1,5 млн теңге шығын келтірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шу қаласының тұрғыны бірнеше ай бойы төлем туралы жалған чектер ұсынып, ірі көлемдегі қаржыға тауарлар сатып алып отырған. Осындай шағыммен полиция бөліміне 58 жастағы жеке кәсіпкер әйел жүгінген.
Кәсіпкер әйел орын алған алаяқтықтың екі ай мерзімге созылғанын хабарлаған. Дүкен иесі алданғанын кездейсоқ білген. Қызына ақша аударуға қатысты қоңырау шалған кезде шотында ақшасы болмаған.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Шу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.
Тергеу нәтижелері анықтағандай, ер адам жалған чек жасау үшін қосымшаны пайдаланған. Күдікті тауарларды тек үлкен көлемде сатып алып, 1,5 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген.