Шұғыл қоңырау: Балқаш полицейлері телефон ұрлаған тұрғынды ұстады
Балқаш полицейлері телефон ұрлаған 28 жастағы тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балқаш қалалық полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші үйіне келе жатқанда белгісіз біреу кездесіп, шұғыл танысына қоңырау соғу үшін ұялы телефонын сұраған. Күдікті телефонды алып, біреуге қоңырау соққан болып, телефонмен бірге ол жерден ізін жасырған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құраған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
20 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.