Шұғыл қоңырау шалу үшін: әйел қарағандылықтың телефонын ұрлап кетті
Қарағандыда әйел тұрғынның телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Киров ПБ-не 27 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, белгісіз бір әйел ұялы телефонын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 49 мың теңгені құрады.
Жәбірленуші кешкі мезгілде үйіне келе жатқанда аулада оған бейтаныс бір әйел жақындап, шұғыл қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Телефонды алған әйел ақырын жылыстап, үйлердің арасына кіріп, қашып кеткен. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
31 қазанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 49 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты зат – ұялы телефон алынды.
Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған әйелдің осыған ұқсас қылмысқа қатысы барын анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.