Шұғыл қоңырау соғамын деп өзгенің телефонын қолды қылған алаяқ ұсталды
Қарағандыда шұғыл қоңырау соғамын деп өзгенің телефонын қолды қылған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші арызында белгісіз біреу шұғыл түрде қоңырау соғу үшін ұялы телефонын сұрап, кейін оны қолды қылып кеткені туралы шағымданды. Оған келтірілген шығын көлемі 69 мың теңгені құраған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.
23 наурыз күні криминалдық полиция қызмектерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.
Алдын ала тергеу жұмыстары барысында, күдіктінің интернет-алаяқтығы қылмысына қатысы бар екендігі анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.