Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығын — 15 млн теңге: Астанада полиция алаяқты ұстады

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында алаяқ ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Есіл ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 34 жастағы әйелді ұстады.

Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, күдікті бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, оларға тұрғын үй алуға көмектесемін деген сылтаумен алдаған. Ол өзінің жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейтін таныстары бар екенін айтып, жалған құжаттар ұсынған. Нәтижесінде, ол жәбірленушілердің жалпы сомасы шамамен 15 миллион теңгені құрайтын қаражатын заңсыз иемденген.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша (Ірі көлемдегі алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, осындай үш қылмыс эпизоды анықталды. Әйелдің бұрын сотталғаны белгілі болды.

Полицейлер азаматтарды сақ болуға, күмәнді ұсыныстар мен уәделерге сенбеуге, сондай жағдайлар туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру