Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облыстық ПД-ның басшы құрамында кадрлық тағайындаулар болды

Шығыс Қазақстан облыстық ПД-ның басшы құрамында кадрлық тағайындаулар болды , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің басшы құрамында кадрлық тағайындаулар болды: полиция подполковнигі Ринат Зубаиров Үлбі полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Надир Булатұлы Сол жағалау полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды. ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков жеке құрамға жаңа басшыларды таныстыра отырып, бірқатар міндеттер қойды.

– Полицияның кадрлық әлеуетін қалыптастыру – қоғамдық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бөлігіндегі негізгі бағыттардың бірі. Бүгін бұйрықпен екі аумақтық полиция бөлімдерінің басшылары тағайындалды, оларға мемлекет басшысы мен ішкі істер министрінің барлық тапсырмаларын орындау бойынша жауапкершілік жүктелді, – деді ол.

Ринат Зубаиров ішкі істер органдарында 2004 жылдан бастап әртүрлі, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет етеді. Көп жылдық тәжірибесі бар. Надир Булатұлы ІІО-да 13 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді. Өзін сауатты және құзыретті басшы ретінде оң жағынан көрсетті. 

Сондай-ақ Ерлан Омарбеков жыл басынан бері атқарылған жұмыстың негізгі көрсеткіштерін, алдағы кезеңге арналған мақсаттар мен міндеттерді жеткізді.

– Өздеріңіз білетіндей, ішкі істер министрлігі Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Бұл бағдарламалық құжатта қоғамдық қауіпсіздік саласындағы стратегия, оның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алудың тұтас жүйесін құру; профилактиканың барлық субъектілерінің ортақ жауапкершілігін белгілеу; полиция жұмысының сервистік моделіне көшу бекітілетін болады. Біздің міндетіміз – құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, – деді облыстың бас сақшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру