Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында 10 құқық бұзушылық жасаған жүргізуші ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында 10 құқық бұзушылық жасаған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың 28 ақпаны мен 5 наурызы аралығында «Айыппұл төле» акциясы өткізілді.

Акция өткізілген жеті күн ішінде атқарушылық іс жүргізу қызметкерлерімен бірлесе отырып, 4 миллион теңгеден артық айыппұл өндіріп алынды және айыппұл төлемегені үшін 59 автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

– Осы жағдайлардың бірі ағымдағы жылдың 4 наурызында орын алған, сол күні облыс орталығында тәртіп сақшылары Өскемен қаласының 20 жастағы тұрғыны басқарған Subaru автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенімен автоматты түрде тіркелген жалпы сомасы 120 675 теңгені құрайтын 10 төленбеген айыппұлы туралы ұйғарымдары бар екенін анықтады. Барлық заңбұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы бойынша (Жылдамдықты шектен асыру) жасалған. Осыған орай, борышкердің көлігі айыппұлды толық өтегенше мамандандырылған автотұраққа орналастырылды, – деді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Ануарбеков.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес, азаматтар жеті жұмыс күні ішінде 50% көлемінде айыппұл төлеуге құқылы екенін айта кету керек. Бұл құқықты пайдаланбаған жағдайда айыппұлдың толық сомасын 30 күннен кешіктірмей өз еркімен төлеуге болады. Айыппұлды ерікті түрде өтеу мерзімі өткеннен кейін мәжбүрлеп орындау үшін айыппұл салу туралы қаулы жеке сот орындаушыларына немесе құқық бұзушының еңбек сіңірген жеріне жіберіледі.

Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын болдырмау үшін айыппұлды уақтылы төлеуді ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру