Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлығы 14%-ға төмендеді
Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлығы 14%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мал ұрлығының алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде.
Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 2021 жылы мал ұрлығы 14%-ға төмендеді.
Тіркелген мал ұрлықтарының негізгі бөлігі еркін жайылымнан, яғни иелері малдарын қараусыз қалдырған уақытта орын алады. Кейбір жағдайларда ұрлық мүлдем болмаған, себебі мал өрістен алыс қашықтыққа жайылып, кейін жоғалып кеткен. Мұндай өтініштер бойынша полиция дер кезінде көмек көрсетіп, іздеу жұмыстарымен де айналысады.
Ағымдағы жылы мал ұрлығын жасағаны үшін облыстың 49 тұрғыны ұсталып, алты топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді және иелеріне 500-ден астам мал қайтарылды.
Облыс бойынша қараусыз қалған малға арналған 277 айыппұл тұрағы құрылған, онда сегіз мыңға жуық мал басы қамалып, екі мыңнан астам тұрғын ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.