Шығыс Қазақстан облысында өрттің шығуына күдікті риддерлік анықталды
Шығыс Қазақстан облысында өрттің шығуына күдікті риддерлік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған дейін хабарланғандай, полициямен 10 мамырда отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтіру фактісі бойынша (ҚР ҚК 204-бабының 2-бөлігіне сәйкес) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталған.
Аталған баптың санкциясы екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұлды немесе екі жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазаны белгілейді.
– Күдікті ретінде бұрын сотты болмаған, 35 жастағы Риддер қаласының тұрғыны ұсталды, оның абайсыз әрекеттері осындай ауыр салдарға әкелді,- деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.
Полиция департаментімен құрылған арнайы жедел-тергеу тобының қызметкерлері бейнежазбаларды зерделеп, куәлардың жауаптарын мұқият тексеруде, тиісті сот сараптамалары тағайындалды.
Қылмыстық істі тергеу ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.
Өзге ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.