Шығыс Қазақстан облысында полицейлер есірткі сатушыны ұстады
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер есірткі сатушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды таратумен айналысқан 32 жастағы ер адамды ұстады.
Санкцияланған жеке тінту кезінде ер адамнан өсімдік тектес заты бар 2 полимерлі пакет тәркіленді. Сондай-ақ оның көлігінен ерекше иісі бар, ұқсас зат салынған 6 полимерлі пакет пен 1 түйіншек табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 501 грамм кептірілген марихуана болып шықты.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
