Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері тұрғынға құжат рәсімдеуге көмектесті
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері тұрғынға құжат рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының тұрғыны 64 жасында алғаш рет ресми құжатқа ие болды. Бұл полицияның көші-қон қызметі қызметкерлерінің араласуымен мүмкін болды.
1978 жылдан бері тек ескі үлгідегі төлқұжатты пайдаланып келген ер адам қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек сұрап, көші-қон қызметіне жүгінген. Белгілі болғандай, ол көптеген жыл бойы жаңа құжаттарға аса қажеттілікті сезінбеген. Алайда тұрақты жұмысқа орналасу үшін жеке басын растайтын құжаттың қажеттілігі туындағанда жағдай өзгерген.
– Полиция толық қолдау көрсетті: қызметкерлер туу туралы куәліктің және орта мектепті бітіргендігі туралы анықтаманың көшірмесін қоса алғанда, қажетті құжаттарды жинауға көмектесті, – деп атап өтті Владимир.
Құжаттар толығымен ресімделгеннен кейін көші-қон қызметі азаматқа Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын анықтама берді. Енді ол осы құжатпен Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, жеке куәлігін ала алады. Полиция қызметкерлеріне алғысын білдірген ер адам жаңа жеке куәлікпен тұрақты жұмыс табатынына сенім білдірді.
– Бұл қызметкерлердің баға жетпес қолдауының арқасында мүмкін болды, – деді ол.