Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшысын балағаттаған тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды
Шығыс Қазақстан облысы тәртіп сақшыларының ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, балағаттағаны үшін 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 жастағы жігіт тәртіп сақшыларын қорлап, балағаттағаны үшін жарты ай бойы қоғамдық жұмысқа тартылған, алайда ол пробация қызметіне тіркеуге тұрғанымен, қоғамдық жұмысты атқарудан жалтарған. Енді оған қоғамдық жұмыстың төрт істелмеген сағаты үшін бір тәулік есебімен қамауға ауыстырылады.
– Тәртіп сақшыларына түнгі уақытта тыныштықты бұзу туралы қоңырау түсті. Көршілері көршісінің музыканы қатты қосатынына шағымданған. Мекен жай бойынша келген тәртіп сақшылары жігітті наркологиялық диспансерге жеткізген, онда ол мас күйінде диспансер қызметкерлерінің көзінше өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі тәртіп сақшыларын балағат сөздермен қорлаған. Сотталған қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарғандықтан, оған қатысты құжаттар дайындалып сотқа жолданды, – деді ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.