Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында жас тәртіп сақшылары арасында футболдан турнир өтті

Зайсан қаласында үш “Жас сақшы” полиция сыныбының оқушылары футбол алаңында кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД ұйымдастырған спартакиадаға Күршім және Зайсан аудандарынан полиция сыныптарынан 20-дан астам жас футболшылар қатысты.

Жарыс көңілді әрі тартысты өтіп, спортшылар команда болып жұмыс істей алатындықтарын көрсетті. Ойыншылар ғана емес, залға жиналған көрермендер де жағымды эмоциялармен алмасты.

Алаңдағы қызу тартыстың нәтижесінде Күршім ауданы Ю.Гагарин атындағы №1 орта мектептің жас полицейлер командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Зайсан қаласындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектептің оқушылары иеленді. Ал Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылының Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп кадеттері жүлделі үшінші орынды қанжығаларына байлады.

Жігіттер жүлделі орындарды сарапқа салып қана қоймай, жеке номинациялар бойынша да сынға түсті.

Үздік шабуылшы болып Күршім ауданы Ю.Гагарин атындағы №1 орта мектептің оқушысы Омарқан Бекжан танылды. Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылының Абай Құнанбаев атындағы орта мектептің оқушысы Жалын Нұрланбекұлы үздік қорғаушы атанса, Арнай Әділетұлы үздік қақпашы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, жігіттер өткен оқу жылының соңында кадеттер қатарына қабылданған болатын. Олар “Жас сақшы” атты жас полицейлер сыныбының оқушылары болды. Негізгі пәндерден басқа, олар құқық қорғау және әскери іс негіздерін меңгеріп, сондай-ақ халық қаһармандарының ерліктері туралы толық мәлімет алады.

“Жас сақшы” полиция сыныптарын құру – ІІМ-нің патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, мектеп жағдайында құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ мамандық таңдауға көмектесуге бағытталған басым жобасы екенін атап өткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру