Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі азаматтарды қабылдады
Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі өңір тұрғындарын жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл туралы Ерлан Омарбеков өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
– Міндеттеріме кірісіп, азаматтарды қабылдадым. Түрлі сипаттағы көптеген сұрақ келіп түсті, олардың кейбіреулері қылмыстық істерді тергеуге қатысты болды. Келіп түскен барлық мәселелер бойынша нақты түсіндірмелер берілді. Азаматтардың қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп мәселелеріне бей-жай қарамайтыны маңызды, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.
Мысалы, қала тұрғыны Манат Долобаев Зайсан қаласында ПБ-ның жаңа ғимаратын салу туралы өтініш білдірді.
– Бұл маңызды мәселе, өйткені полицейлердің жұмысына жақсы жағдай жасау басшы үшін бірінші кезектегі міндет. Бұл мәселе қаралатын болады, – деп жеткізді Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі.
ШҚО ПД бастығы азаматтарды қабылдау – бұл халықтың мемлекеттік органдармен, ,оның ішінде ішкі істер органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жасасу екенін тілге тиек етті. Мұндай жұмыс жағдайы ҚР ІІМ қарастыратын 2024-2028 жылдарға арналған азаматтық қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасының жобасында ескерілген.