Шығыс Қазақстан облысының полициясы Тәлімгерлер кеңесін сайлады
Шығыс Қазақстан облысының полициясы Тәлімгерлер кеңесін сайлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдарындағы тәлімгерлік жас және жаңадан келген полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Қызметтік және өмірлік тәжірибесі мол, жоғары кәсіби шеберлік пен адамгершілік қасиетке ие тәлімгер әдетте жас қызметкерлерге үлгі болады. Тәлімгер жұмысының тиімділігі оның тәлімгерлігіндегі қызметкермен, сондай-ақ басқа қызметкерлермен және басшылармен қарым-қатынас жүйесінің қаншалықты дұрыс құрылғанына тікелей байланысты. Олар шындықты қабылдауда біртұтас көзқарас танытуы керек. Тек осы жағдайда ғана берілген білім мен дағды практикада жүзеге асады. Мұндай өзара іс-қимылдың рөлі ҚР ішкі істер министрінің ішкі істер органдарының тәлімгерлер кеңесінің қызметі туралы ережені бекіту туралы бұйрығында атап көрсетілген.
Бұйрықты орындау мақсатында ШҚО полицейлері ШҚО ПД-ның бұрынғы қызметкерлері арасынан Тәлімгерлер кеңесінің құрамын сайлады. Оның төрағасы ретінде Дәурен Мұқанов тағайындалды. Ал Бақытжан Торғаев пен Евгений Иванов төрағаның орынбасарлары болып сайланды.
Сондай-ақ кеңес құрамына Мұхтарбек Бакетаев, Серік Қалиев, Дина Жантасова, Инна Рыкова, Лариса Воробьева, Бұлбұл Аязбаева және Парзана Рахимжанова сынды қызметкерлер арасында беделге ие, білімі мен тәжірибесі мол, өз ісінің шеберлері кірді.
ІІО бөлімшелеріндегі Тәлімгерлер кеңесінің қызметі туралы үлгілік ережемен танысқаннан кейін, кеңес мүшелері алдағы кезеңге басым міндеттер қойды.