Шығыс Қазақстанда "Халық заңгері" акциясы өтті
Шығыс Қазақстанда "Халық заңгері" акциясы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері өзге мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесе отырып, Өскемен қаласында орналасқан С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің әкімшілік ғимаратында "Халық заңгері" атты құқықтық акция ұйымдастырды.
Акция аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіліп, өзекті мәселелер бойынша кеңес берілді. Қатысушылар интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары, жол қозғалысы қауіпсіздігі және киберқылмыстан қорғану тәсілдері жөнінде құнды ақпарат алды.
Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық мәдениетін көтеруге, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған. Жергілікті халықпен тығыз байланыс орнату – құқық қорғау органдарының ашықтығы мен қоғамға жақын болу қағидатының жарқын көрінісі.