Шығыс Қазақстанда сотталғандардың қолынан шыққан бұйымдардың көрмесі өтті
Шығыс Қазақстанда сотталғандардың қолынан шыққан бұйымдардың көрмесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көрмеге өндірістік нысандардың өкілдері, Шемонаиха аудандық кәсіпкерлер палатасымен ЖШС және ЖК ұйымдарының өкілдері қатысып, пенитенциарлық мекемеде өндірілетін өнімдерге тапсырыс беру және сатып алу мәселелері жөнінде келушілердің барлық қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.
Цехта сондай-ақ, металл және ағаш өндеу бұйымдарынан жасалған өнімдер, яғни ауланы абаттандыруға арналған әткеншек, орындықтар, мангалдар, қоқыс жәшіктері, шағын архитектуралық нысандар, торлар жасалып, дөңгелек ағаш кесу, кесілетін және кесілмейтін тақтай бұйымдары өндіріледі. Жаңа перспективалық бағыттың ішінде мектеп, кеңсе, сауда орындарына арналған жиһаздар, сондай-ақ құрылыс аумақтарында пайдаланатын есік алдын абаттандыруға металлдан жасалған бұйымдар жасалады.
Мекеменің цехтары металл өндеу және ағаш өндеу мен жону, бұрғылау, фрезерлік, лазерлік кесу қондырғыларымен жабдықталған. Бұл тапсырыс берушінің кез келген қажеттіліктерін қанағаттандырып, сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Барлық ұсынылатын өнімдер таза экологиялық шикізаттан өндіріліп, мемлекеттік сапа стандарттарына сәйкес шығарылады.
– Бүгінгі күні мекеменің өндірістік қабілеті айтарлықтай үлкен деңгейде, біз іс жүзінде серіктестерімізге бос өндіріс орындарын, оларға дайын инфрақұрылымы бар алаңдарды ұсына аламыз, сонымен қатар бізде тағы бір маңызды факторды ескеруге болады – бұл жазасын өтеуші сотталғандардың еңбек етуге деген ықыласы. Біздің мекемеде қысқа мерзімде дайын бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруды және өндірістік сипаттағы қызметтерді ұсыну жолға қойылған. Мұндай өткізілетін көрмелер өнімді танымал етуге ғана емес, сонымен қатар үшінші тараптағы клиенттердің санын арттырып, жұмысшы санын көбейту мақсатында жазасын өтеушілерге бос жұмыс орындарын ұсыну басты мақсатымыз болып отыр, – дейді ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің бастығы Қуаныш Агиспаев.
Өндірістік учаскелерге 500-ден астам технологиялық жабдықтардың негізгі бөлігі тиесілі. Оның ең негізгілерінің біріне тігін цехы, металл өңдеу мен ағаш өндеу өндірісін жатқызуға болады.
– Мекемеде шығарылатын барлық өнімдер мемлекеттік стандарттау талаптарына сай келіп, жоғарғы сапасымен ерекшеленеді, – деді мекеме бастығы.
Бүгінгі танда қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің 70%-ға жуығы жұмысқа орналастырылған, сонымен қатар олардың тарапынан өз талап-арыздары өтелуде. Жазасын өтеушілерді жұмысқа орналастыру еңбек заннамасымен реттеледі.