Шығысқазақстандық полицейлер әйелге РФ азаматының төлқұжатын қалпына келтіруге көмектесті
Шығысқазақстандық полицейлер әйелге Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын қалпына келтіруге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шемонаиха аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы Бас консулдығы арқылы адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның Шығыс Қазақстандағы филиалының заңгері бірлесіп, Өскемен қаласында Ресей Федерациясының азаматшасы Любовь Серохвостованың төлқұжаты қалпына келтірілді және жарамды төлқұжат алды.
Любовь Григорьевна Шемонаиха ауданында туып-өскен, бірақ алыс кеңес заманында Алтай өлкесіне оқуға кетіп, 90-жылдары Ресей азаматтығын алған. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін, 2007 жылы қартайған ата-анасына қарайласу үшін тұруға рұқсат алып, Отанына оралған. Бірнеше жыл өткеннен кейін жасы жеткенде Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын ауыстыру қажет болған, алайда материалдық жағдайдың жоқтығына байланысты ол оны уақытылы істей алмаған, нәтижесінде тұруға рұқсаттың мерзімі өтіп кеткен және жұмыссыз қалған. Осылай осы күнге дейін құжатсыз және жұмыссыз өмір сүрген.
20 наурызда Любовь Григорьевна РФ азаматының төлқұжатын алды және ол енді Қазақстан Республикасындағы өзінің құқықтық жағдайын реттеп, ресми түрде жұмысқа орналасып, уақытша тұруға рұқсат алады.
Осыған байланысты ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы азаматтарға қандай да бір себептерге байланысты жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болса Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды рәсімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуге кеңес береді.