Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығысқазақстандық полицейлер «Мен және менің полицейім» акциясын өткізуде

Шығысқазақстандық полицейлер «Мен және менің полицейім» акциясын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Президентімен жарияланған «Балалар жылы» аясында осындай атаумен имидждік акция өтуде. Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды тәрбиелеу, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция қызметімен таныстыру және қауіпсіздік шараларын үйрету.

Ювеналдық полиция қызметкерлерімен екі күн ішінде акция аясында ашық есік күні, ПД мұражайына бару, қызметтік көліктердің, иттердің көрсетілімі сияқты елуден астам имидждік шаралар өткізілді.

Өткізіліп жатқан «Мен және менің полицейім» имидждік акциясы барысында Затон ПБ кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары мектеп өміріне белсене араласатын оқушыларға, сонымен қатар ІІО есепте тұрған кәмелетке толмағандарға Абай Құнанбаев атындағы мұражайға экскурсия ұйымдастырылып, балалар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығының тарихымен танысты. Сюжетті көрсетудің заманауи тәсіліне риза болған балалар полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Сонымен бірге, акция барысында Алтай қаласының ювеналдық полиция қызметкерлері қаладағы орта мектептердің бірінің оқушыларына патрульдік автокөліктер, полиция техникасы, жеке қорғаныс және байланыс құралдарының көрсетілімін ұйымдастырып, қоғамдық тәртіпті қорғаудың негізгі міндеттерін түсіндірді.

Сондай-ақ жасөспірімдерге Алтай ауданы ПБ кинологиялық қызметінің жұмысы көрсетілді, онда балалар питомникке қарады, содан кейін Фриджи есімді қызметтік иттің «қылмыскерді» ұстауы көрсетілді. Акция барысында студенттер бірқатар жағымды эмоцияларға ие болып, кейбірі оқу орнын тәмамдаған соң Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс істеуге ниет білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру