Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығысқазақстандық құны 4 млн теңгенің етін бейтаныс адамға ұстатып жіберген

Шығысқазақстандық құны төрт миллион теңгенің етін бейтаныс адамға ұстатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айының басында Өскемен қалалық Полиция басқармасы Үлбі ПБ-ге 40 жастағы әйел жүгініп, қаладағы сауда үйлерінің бірінде бейтаныс әйел төрт миллион теңгеден астам сомаға сиыр етін алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлады.

Жедел іс-шаралар барысында Үлбі бөлімінің полиция қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 48 жастағы қала тұрғынын жеткізді.

Тергеу барысында қаскөй қала сауда үйлерінің бірінде 40 жастағы әйелге жақындап, әңгімеге тартып, оның барысында «пысық кәсіпкер» әйелге оның үлкен шаруа қожалығы бар екенін айтып, оған етті қымбат бағамен сатуға көмектесуді ұсынған. Мұндай ұсынысты естіген қала тұрғынын тауарды қуана берген. «Кәсіпкер» етті алғаннан кейін, ол бірнеше күн ішінде ақшаны алып келуге уәде берген. Алайда біршама уақыттан кейін мүлдем байланысқа шығуды қойған. Облыс орталығының тұрғыны өзінің алаяққа тап болғанын түсінгеннен кейін полицияға жүгінген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру