Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығысқазақстандық жас хоккейшілер құқық бұзушылыққа қарсы

"Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті облыс прокуратурасы және әкімдігімен бірлесіп "Алтын шайба" хоккей турнирін ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Борис Александров атындағы Спорт сарайының мұз айдынында 2014 жылы туған спортшылардан бастап жоғары сынып оқушыларына дейінгі әртүрлі жас санатындағы 92 жас хоккейші бақ сынасты. Ата-аналар мен жанкүйерлердің қолдауы жарысқа мерекелік көңіл-күй мен адал бәсеке рухын сыйлады.

Турнир жастармен профилактикалық жұмыс жүргізудің тиімді алаңына айналды. Ойындар арасындағы үзілістерде полиция қызметкерлері мен еріктілер құқықтық сауаттылық, киберқауіпсіздік және есірткінің алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жалпы алғанда, іс-шаралар шамамен 4200 жасты қамтыды.

Барлық қатысушылар "AN GROUPS" құрылыс компаниясының қолдауымен медальдармен, грамоталармен, естелік сыйлықтармен және ақшалай жүлделермен марапатталды.

ШҚО полиция департаменті кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және өңір жастарының жан-жақты дамуы үшін қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру