Шымкент полицейлері Нигерия азаматына көші-қон заңнамасын түсіндірді
Шымкент полицейлері Нигерия азаматына көші-қон заңнамасын түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы полиция департаменті Қаратау АПБ көші-қон қызметі бөліміне Нигерия азаматы Уолтер Ютубе Жосеф өзінің С3 санаттағы визасының мерзімін ұзарту мақсатында аудармашымен келді. Оларға ҚР көші-қон заңнамасын егжей-тегжейлі түсіндіріп, визаны алуға қажетті құжаттар тізімін беріп, оны уақытылы заң аясында алудың жолдары көрсетілді.
Тәртіп сақшыларынан дер кезінде көмек алған шетел азаматы алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі. Азаматтардың алғысы – еселі еңбектің жемісі. Бұл орайда полиция департаментінің басшылығы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысы туралы тұрғындардың пікірін жоғары бағалайды.