Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері жоғалған баланы отбасына қайтарды

Шымкент полицейлері жоғалған баланы отбасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 жасар мектеп оқушысы үйінен аулаға достарымен ойнауға шығып, жоғалып кеткен. Туыстары жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесіз болғандықтан, олар полицияның көмегіне жүгінген.

Іздестіру шараларына патрульдік полк қызметкерлері бірден кірісті. Тәртіп сақшылары мекенжайға жақын орналасқан аумақты түгел аралап, көршілерден сұрастырды.
Қабылданған шаралардың нәтиже беріп, бала бір жарым сағаттан кейін табылды. Ол ата-анасын ескертпей, досынын үйіне кеткен екен.

–  Ұлым үйден 12:00 шамасында шыққан. Бірнеше сағаттан өте біз оны іздей бастадық. Кейін «102-ге» хабарладым. Қызметкерлер жедел келіп, ұлымды аман-есен үйге қайтарды. Үлкен рахмет!, – деп полицейлерге шын жүректен алғыс айтты баланың әкесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру